Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде 13 жүлде олжалады

Оның біреуі ғана алтын

Мәди Саматұлы

  • 01.09.2024

Ресейдің Чита қаласында бокстан жастар арасындағы Еуразия кубогы турнирі аяқталды, деп хабарлайды Malim.kz. 

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәлімдеуінше, бұл Қазақстан құрамасы үшін қазан айында Черногорияда өтетін әлем чемпионатына дайындық кезеңі. Бірінші құраммен барған жастар командасы 13 жүлде еншілеп, 67 келіде Төрехан Сабырхан турнир жеңімпазы атанды.

57 келіде Жансері Көшербаев пен 80 келіде Мадияр Бексұлтанов финалда төрешілер шешімімен жергілікті боксшыларға жол беріп, күміс жүлдеге ие болды.

Қалған 10 спортшы қола жүлдегер атанды: 51 кг. Бексұлтан Боранбек, 54 кг. Әділбек Қожахан, 54 кг. Әли Мұрат, 57 кг. Бауыржан Мұратов, 63,5 кг. Асылхан Көшербай, 63,5 кг. Ахмет Үсен, 71 кг. Өнер Сейілхан, 75 кг. Санжарәли Бегалиев, 80 кг. Дамир Синеев, 92 кг. Аслан Елдібайұлы.

Естеріңізге сала кетейік, жастар құрамасының аға бапкері қызметін атқарған Қайрат Сәтжанов тамыз айында ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне тағайындалды. Қазір жастарды Бағдат Оңғарбеков жаттықтырады.

Фото: ҰОК

Байланысты жаналықтар

Зарина Диас Жапониядағы турнирде ширек финалға шықты

08.05.2025

Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық атағынан айырылуы мүмкін

01.05.2025

Қазақстандық теннисші сенсация жасады

28.04.2025

Ресейдегі турнирде Сәкен Бибосынов чемпион атанды

19.04.2025

Геннадий Головкинге ерекше атақ берілді

18.04.2025

Жәнібек Әлімханұлы: Ол менен қорқады

17.04.2025
MalimBlocks
Зарина Диас Жапониядағы турнирде ширек финалға шықты

Ширек финалда қазақстандық теннисші Аустралия өкілімен кездеседі

Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық атағынан айырылуы мүмкін

Қазақстандық теннисші сенсация жасады

Александр Бублик Мадридтегі турнирде әлемнің сегізінші ракеткасын жеңді

Ресейдегі турнирде Сәкен Бибосынов чемпион атанды

Боксшы финалда ресейлік Денис Палшинмен қолғап түйістірді

Геннадий Головкинге ерекше атақ берілді

Головкин: Миссиямды табандылықпен жалғастыра беремін

Жәнібек Әлімханұлы: Ол менен қорқады