Қойшыларға tik-tok түсіртіп, жарыстырмақ

Бағашар Тұрсынбайұлы

  • 19.12.2020

Қойшылар өміріне арналған байқау

«Shopan Ata» қой өсірушілер қауымдастығы «Шопан ата» байқауының басталғанын жариялады. ​Қауымдастықтың төрағасы Алмасбек Садырбаев: «Қазақстан экономикасының дамуына жалпы малшылар қауымының қосып отырған еңбегі зор. Алайда, олар туралы қоғамда айтыла бермейді. Сол себепті «Шопан ата» байқауы ең алдымен малшылар қауымының абыройын көтеруді көздейді» - дейді.

Жүлде қоры 1 млн теңгені құрайтын байқау бес түрлі номинациядан тұрады.  Атап айтсақ, 3-8 жас балалар арасындағы суретшілер байқауы, tik-tok желісіндегі бейнеконтент байқауы, мұғалімдердің бастауыш сыныптарға арнап жазған ашық сабақ жоспары байқауы, муралдың эскизінің байқауы және «Менің атам – шопан» тақырыбында видео-естелік байқауы.

«Байқау онлайн түрде, әлеуметтік желі арқылы өтуде. Қатысушылар өз номинациясы бойынша, тапсырмаларын орындап әлеуметтік желіде #shopanata хэштегін белгілеп, өз парақшаларына салуы керек немесе baikau.shopan@gmail.com электронды поштасына өз еңбектерін жіберуі қажет» - дейді аталмыш байқауды ұйымдастырушылар.

«Shopan Ata» қойшылар қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев бұған дейін КТК телеарнасы және “Астарлы ақиқат” бағдарламасының ұжымына наразылығын білдірген болатын.

Садырбаевтың сөзінше, шаруалардың шамына бұл бағдарламаның қойшылар өміріне арналған саны тиген.

Оқи отырыңыз: “Қойшылардың кайфы” шопандардың шамына тиген

 

Байланысты жаналықтар

Ең үлкен картоп. Бағбандар арасында байқау өтті

09.09.2024

Өскеменде «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жүлдегерлері марапатталды

04.09.2024

Тағы бір қазақстандық әнші шетелдегі байқауда 1-орын алды

15.07.2024

Компьютерлік ойын әзірлеушілерге арналған байқау жарияланды

21.06.2024

Тағылымы терең өнер байқауы

29.02.2024

Кітапқұмар балалардың республикалық байқауы аяқталды

02.11.2023
MalimBlocks
Ең үлкен картоп. Бағбандар арасында байқау өтті

Бір картоптың салмағы - 1 келі

Өскеменде «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жүлдегерлері марапатталды

Тағы бір қазақстандық әнші шетелдегі байқауда 1-орын алды

"Славян базары" байқауында қазақстандық әнші бірінші орын алды

Компьютерлік ойын әзірлеушілерге арналған байқау жарияланды

1-орын үшін – 3 миллион теңге. Байқау еліміздегі тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылады.

Тағылымы терең өнер байқауы

«Наурыз мерекесінің алғашқы көрінісі саналатын «Ұрпақтан ұрпаққа» атты бұл байқаудың отбасылық тәрбиеде мәні зор

Кітапқұмар балалардың республикалық байқауы аяқталды

Цифрлық дәуірде  балалардың кітап оқуға құштарлығын арттыру маңызды