Харбин-2025: Хоккейден әйелдер құрамасы күміс жүлдегер атанды

Қазақстандықтар Жапонияға (0-4) жол берді

Сабина Асқарқызы

  • 14.02.2025

Бүгін шайбалы хоккейден еліміздің әйелдер командасы Оңтүстік Кореядан басым түсіп, Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарының күміс жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды Malim.kz.
Шешуші матчтың есебі: 3-0.
Бірінші кезеңде сан басымдығын тиімді пайдаланып шабуылшымыз, капитанның бірі Малика Алдабергенова есеп ашты. Ал шешуші айналымның басында Юлия Буторина жойқын соққымен есепті еселеді. Тағы бір шайбаның авторы - Дария Молдабай.
Жалпы Қазақстан осы бәсекеде Қытайдың Гонконг (12-0), Таиланд (9-0), Қытайдың Тайпейі (5-1), Қытай (2-1), Оңтүстік Корея (1-0) командасын ұтып, тек Жапонияға (0-4) жол берді.
Бұл - хоккейден әйелдер құрамасының Азия ойындарындағы 7-ші жүлдесі (3 алтын, 3 қола) және соның ішіндегі алғашқы күміс медалі.
Тағы бір қызық жайт, Қазақстан құрамасы тарихындағы ең ірі жеңіс осы Оңтүстік Кореямен байланысты. 2003 жылғы ақ Азиадада біздің хоккейшілер бүгінгі қарсыластың қақпасына жауапсыз 19 шайба салған.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

15.04.2025

Қытай Трампқа жауап ретінде Boeing ұшақтарын сатып алуды тоқтатты

15.04.2025

"Жақсы болмайды". Ақ үй Қытайға тағы бір ескерту жасады

12.04.2025

Қытай АҚШ импортының баж салығын 125 пайызға дейін көтерді

11.04.2025

Қарттар үйінен өрт шығып, 20 адам қаза тапты

10.04.2025

Қытай АҚШ тауарларына 84% баж салығын енгізіп, жауап қайтарды

09.04.2025
MalimBlocks
Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

Қытай Трампқа жауап ретінде Boeing ұшақтарын сатып алуды тоқтатты

"Жақсы болмайды". Ақ үй Қытайға тағы бір ескерту жасады

Қытай АҚШ импортының баж салығын 125 пайызға дейін көтерді

Қарттар үйінен өрт шығып, 20 адам қаза тапты

Қытайдың солтүстігіндегі Хэбэй провинциясындағы қарттар үйінен өрт шығып, 20 адам қаза тапты

Қытай АҚШ тауарларына 84% баж салығын енгізіп, жауап қайтарды