Жәмила Бақбергенова әлемдік рейтингте көш бастады

Қазақстандық балуан Жәмила Бақбергенова әйелдер күресі бойынша әлемдік рейтингте көш бастады. «Біріккен күрес әлемі» (UWW) жариялаған мәліметке сәйкес, ол жапон спортшысы Ами Ишидыны артқа тастап, бірінші орынға шықты, деп хабарлайды Malim.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Жәмила жуырда өткен Азия чемпионатында алтын медаль иеленіп, бұл турнирде төртінші мәрте жеңіс тұғырынан көрінген болатын. Осы нәтижесі үшін ол 10 000 ұпай жинады.
Айта кету керек, бұл — Бақбергенованың биылғы маусымдағы төртінші жарысы және барлығында да отандасымыз жеңіс тұғырынан көрініп отыр.
Бүгінде оның еншісінде әлем чемпионатының 4 күміс және 1 қола медалі бар. Сонымен қатар ол Азия чемпионатының төрт дүркін жеңімпазы және Азия ойындарының күміс жүлдегері.
Фото: olympic.kz