freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ШҚО әкімі жас спортшыларды марапаттады

Спорт
ШҚО әкімі жас спортшыларды марапаттады
Фото: ШҚО әкімдігі

11-15 мамыр аралығында облыс орталығында 12-14 жас аралығындағы кадеттер арасында таеквондодан (WT) Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Жарысқа елдің 20 облысынан 852 спортшы келді. Оның ішінде 428 ұл және 424 қыз өзара мықтыны анықтауда.

Бүгін ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов чемпионат жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысып, спортшыларды құттықтады.

Жарыс күнінің қорытындысы бойынша медальдар төрт салмақ дәрежесінде сарапқа салынды: қыздар арасында 33 келі және 55 келі, ұлдар арасында 37 келі және 65 келіден жоғары салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаздар анықталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарында Атырау, Жамбыл, Павлодар, Қызылорда, Маңғыстау Ұлытау облыстары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан келген спортшылар бар.

Марапаттау рәсімінен кейін қонақтар мен қатысушылар естелікке суретке түсті.

Айта кетейік, чемпионат жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жас спортшылардың шеберлігін шыңдауға үлес қосуда.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу