Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ШҚО-да жоғалып кеткен бала аман-есен табылды

Қоғам
ШҚО-да жоғалып кеткен бала аман-есен табылды

Шығыс Қазақстан облысында Сібе көлдері маңындағы демалыс орнында жоғалып кеткен 8 жастағы бала полицейлердің көмегімен табылды, деп хабарлайды Malim.kz.

ШҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері жағалауда кезекшілік атқарып жүрген кезінде ата-анадан көмек сұрау туралы өтініш алған. Анасының айтуынша, бала серуен кезінде көзден таса болып, бірнеше сағат бойы табылмаған. Ата-анасы өздері іздегенімен нәтиже болмаған соң, полицейлерге жүгінген.

Іздестіруге барлық кезекші құрам жұмылдырылып, көп ұзамай аға лейтенант Ерсін Сұлтанов баланы тауып алған.

Бала дін аман, денсаулығына қауіп төнбеген. Құқық қорғау қызметкері оны ата-анасына аман-есен табыстады.

Фото: polisia.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу