Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Су тапшылығы: Қазақстан Қытаймен бірлесіп бөгет салмақ

Саясат
Су тапшылығы: Қазақстан Қытаймен бірлесіп бөгет салмақ

Қазақстан мен Қытай Қорғас өзеніне бірлесіп су қоймасын салмақ.

«Алматы облысы Панфилов ауданы Басқұнчан ауылындағы Қорғас өзеніндегі "Достық" бірлескен су торабында су қоймасын салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленеді», - делінген «Қазсушаруашылығы» бас директоры Алтай Елжасов Алматы облысына жасаған іс-сапарынан кейін таратылған мәлімдемеде.

Нысан Қытаймен шекарадағы Қорғас трансшекаралық өзенінде орналасқан. 2013 жылы пайдалануға берілген Біріккен гидроторап 14,5 мың га суармалы алқапты алып жатыр, құрылыстың өткізу қабілеті секундына 456,0 текше метр.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, соңғы 3 жылда Қытайдан келетін су көлемі азайған. Бұл фермерлердің жұмысына кедергі келтіріп, жергілікті шаруа қожалық басшылары мен мамандар Қорғас өзеніне бөгет салуға ұсыныс жасаған.

«Қазсушаруашылық» мамандары өзен суының азаюын экологиялық жағдаймен байланыстырады. Олардың пікірінше, тау мұздары кішірейген. Салдарынан Қорғас өзенінің суы да азайған. Келісім бойынша, Қазақстан мен Қытай өзен суын тең пайдаланады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу