Перудің оңтүстігінде әскери Ми-17 тікұшағы құлап, 15 адам мерт болды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеп Malim.kz хабарлайды.
Ресми мәлімет бойынша, арнайы мақсаттағы күштер Ұлттық полициямен бірлесіп, кеше радиобайланыс үзілген Ми-17 тікұшағын тапқан. Әуе кемесі Чала-Вьехо елді мекені маңынан, Чала округінде, Каравели провинциясында, Арекипа департаментіне құлаған. Оқиға салдарынан 4 экипаж мүшесі мен 11 жолаушының, оның ішінде балалардың қайтыс болғанын құтқаршылар растаған.
«Тікұшақ Арекипа өңіріндегі су тасқыны, өзендердің арнасынан асуы және басқа да төтенше жағдайлардан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету, сондай-ақ іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін бағыт алған», - делінген хабарламада.