freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Sulpak айналасындағы дау: Андрей Пактың қызы әкесінің үлесі «қайта рәсімделгенін» мәлімдеді

Қоғам
Sulpak айналасындағы дау: Андрей Пактың қызы әкесінің үлесі «қайта рәсімделгенін» мәлімдеді
Malim.kz коллажы

Қазақстандағы ірі тұрмыстық техника мен электроника желісі Sulpak төңірегінде дау туындады. Компанияның марқұм негізін қалаушылардың бірі Андрей Пактың қызы Светлана Пак әкесінің бизнестегі үлесі оның қатысуынсыз қайта рәсімделгенін мәлімдеді. Ол бұл айыптауларды кәсіпкер Алмас Сұлтанғазинге бағыттады, деп хабарлайды Malim.kz.

Светлана Пактың айтуынша, әкесі Sulpak компаниясын 1992 жылы құрған, алайда кейіннен өз үлесінен айырылып, Қазақстанға орала алмай қалған. Оның сөзінше, компанияның қарыздық міндеттемелері әкесінің атына рәсімделген.

«Мен енді үнсіз қалмаймын. Мен президентке жазамын, қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Алмас Сұлтанғазин менімен байланысқа шығып, әкемнің Sulpak-тағы үлесі қалайша өз атына жазылғанын түсіндірмейінше тоқтамаймын. Сол кезде әкем елге кіре алмай жүрді, өйткені барлық қарыз оның атына рәсімделген еді. Ал Сұлтанғазин Forbes тізіміне еніп, Қазақстандағы ең бай адамдардың бірі атанды», – деді Светлана Пак.

Ол сондай-ақ БАҚ-та айтылған «Андрей Пак өз үлесін сатты» деген ақпаратты жалған деп атады.

Ашық деректерге сәйкес, Sulpak компаниясы 1992 жылы Алматыда Андрей Пак пен Алмас Сұлтанғазин тарапынан құрылған. Компания атауы олардың фамилияларының алғашқы буындарынан құралған. Андрей Пак 2024 жылдың қыркүйегінде қайтыс болды.

Алмас Сұлтанғазин Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлердің бірі саналады. Forbes Kazakhstan деректеріне сәйкес, оның байлығы шамамен 285 млн долларды құрайды.

Бұған дейін БАҚ-та Sulpak компаниясының ірі қарыздары туралы да ақпарат жарияланған. 2010 жылы компанияның «Қазкоммерцбанкке» 190 млн доллар көлемінде қарызы болғаны айтылған.

Қазіргі уақытта Sulpak компаниясының баспасөз қызметі жағдайды зерттеп жатқанын мәлімдеді. Светлана Пактың мәлімдемесіне қатысты ресми жауап әзірге жарияланған жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу