Шығыс Қазақстанның Зайсан ауданындағы 9 ауыл газсыз қалды. Бұған 1 қараша күні сағат 12.00-де ауылдарды газбен қамтитын жоғары қысымды магистральдық құбырдың бұзылуы себеп болған.
Зайсан ауданы әкімдігінің мәліметінше, «Барлығы 9 елді мекенге газ беру тоқтатылды. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр». Әкімдер газсыз қалған елді мекен тұрғындарына өз үйлерін қатты отынмен және электр қуатымен жылытуға кеңес беріп отыр.