Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымдық азамат ChatGPT-ді тыңдаймын деп, ауруын асқындырып алған

Денсаулық
Шымдық азамат ChatGPT-ді тыңдаймын деп,  ауруын асқындырып алған
© malim.kz иллюстрациясы

Бұл туралы malim.kz Atameken Business арнасына сүйеніп хабарлайды.

Арнамен байланысқа шыққан дәрігердің айтуынша, жақында оған 34 жастағы шымкенттік азамат хабарласқан. Бауыр циррозымен ауырады екен.

Шымдық азамат ауруханалардан алған барлық қағаздарын ChatGPT-ге жүктеп, ем шаралары жөнінде жасанды интеллекттен ақыл сұраған. Чат болса, емделу жолдарын жазып беріпті. Азамат еш дәрігермен ақылдаспай, бір ай бойы сол ChatGPT берген кеңестер бойынша өз бетінше емделіпті.

ChatGPT берген кеңестерді қараған кәсіби дәрігер, онда жазылған ем шаралары азаматты сауықтыруға тіпті жарамайды дейді. Оның үстіне, азаматқа ChatGPT берген сол кеңестердің жарамсыз екенін әрең түсіндіріпті. Бұл тек белгілі болып қалған жағдай ғана, бірақ осылайша емделіп жүрген адам көп болуы мүмкін деп алаңдайды дәрігер.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу