Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкентке Өзбекстаннан көшіп келушілер көп

Сұқбат
Шымкентке Өзбекстаннан көшіп келушілер көп

Шымкент қаласы Қазақстанның үшінші мегаполисі мәртебесін алғалы қаланың көлемі де, тұрғын саны да артып келеді. Мәселен, мегаполис аталғалы қалаға 2 мыңға жуық қандасымыз көшіп келген. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетерлігі, қаланың мегаполис мәртебесін алғанына биыл 3 жыл толады. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметіне сүйенсек, содан бергі есеп бойынша көрші елден 1275 отбасы көшіп келіп, 1999 азамат қандас мәртебесін алған.

Сырттан көшіп келушілер легі биыл да жалғасып жатыр. Айталық, жыл басынан бері қалаға 227 отбасы көшіп келіп, 300-дей азамат қандас мәртебесіне ие болған. Ерекше айта кетерлігі, елге оралушылардың көпшілігі көрші Өзбекстан Республикасынан келген. Қалған 3 пайызы алыс шетелдерден келсе, 0,6 пайызы Ресей мен Қытайдан келген.

Елге оралған қандастарымыз алдымен қалада бейімдеу және ынталандыру орталықтарына орналасады. Бұл орталық 11 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қандастар мұнда жарты жылға жуық арнайы қызметтерді пайдалана алады. Қазір мұнда 12 отбасы бар. Мұндағы берілетін бір мүмкіндік – арнайы мамандығы жоқтарға дәнекер, массаж, компьютерлік графика, шаштараз, есепші, кондитер, тігінші, сантехник, электрик, жиһаз жинаушы мамандақтарын үйренуіне болады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу