freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкентте бір тұрғын үйдегі төрт адам өлі табылды

Оқиға
Шымкентте бір тұрғын үйдегі төрт адам өлі табылды

Шымкентте бір тұрғын үйдегі үш пәтерде төрт адам өлі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, олар жаппай газдан уланған, - деп хабарлайды Malim.kz  КТК-ға сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға Студенттік қалашық шағынауданында болған. Көршілердің айтуынша, пәтерлердің бірінен 31 жастағы әйел мен 16 жастағы қыздың мәйіті табылған. Екінші қабаттағы басқа пәтерден 23 жастағы жігіт өлі анықталған. Ал үшінші қабаттағы жалдамалы пәтерде 20 жастағы студент қыз көз жұмған.

Көршілердің айтуынша, олар бұған дейін газдың иісіне шағымданған. Алайда әзірге газ қызметінен ресми түсініктеме берілген жоқ. Полиция адам өліміне әкелген қызмет көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Алдымен қызды шамамен сағат 12-лерде тапқан. Пәтер иесі келіп, жуынатын бөлменің есігі жабық тұрғанын көрген. Ашса, пәтерді жалдаған қыз шомылып жатып, сол жерде қайтыс болған. Осыдан кейін ол учаскелік полиция қызметкерін шақырған. Барлық адамды сыртқа шығара бастады. Құтқарушылар келіп, басқа пәтерлердің есіктерін бұзып ашып, тағы да мәйіттерді тапты", – деді Ислам Файзуллаев.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу