Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкентте «Пайызсыз баспана» пирамидасын құрғандар сотталды

Құқық
Шымкентте «Пайызсыз баспана» пирамидасын құрғандар сотталды

Шымкентте «Пайызсыз баспана» деген пирамида құрған адам  мен оның қызметкерлері сотталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Пирамиданың мүшелері Шымкент, Алматы, Астана қалаларында 2019-2021 жылдары аралығында «Инстаграм» әлеуметтік желісі арқылы арзан үй алып береміз деп, адамдардан ақша тартқан.

«Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қаржы пирамидасын құрып, оған басшылық еткен «Пайызсыз Баспана» тұрғын үй ұйымының басшысы мен қызметкерлерін 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырды. Қылмыстық схемаға сәйкес, олар 134 адамнан 171 млн теңгеден астам ақша жинап алған», - деп жазады Шымкент прокуратурасы.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Фото: pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу