freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан рейстері кері қайтарылды

Қоғам
Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан рейстері кері қайтарылды
Фото: Астана халықаралық әуежайы

Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты Алматы мен Астанадан ұшқан рейстер кері қайтарылады, деп хабарлайды Malim.kz.

Air Astana 28 ақпанда Таяу Шығыс бағытындағы барлық рейстердің тоқтатылғанын мәлімдеді. Бұған дейін ұшып кеткен әуе кемелері бастапқы әуежайларына қайтарылады немесе өңірге жетпей балама әуежайларға қонады.

Иран әуе кеңістігінің жабылуына және аймақтағы тұрақсыз ахуалға байланысты келесі өзгерістер енгізілді:

• KC263 (Алматы – Медина), KC897 (Алматы – Дубай), KC653 (Алматы – Доха), KC205 және KC207 (Астана – Дубай) рейстері ұшу әуежайларына кері оралады;

• KC899 (Алматы – Дубай) рейсі Дели қаласына бағытталды;

• FlyArystan FS7617 (Ақтау – Дубай) рейсі қосалқы әуеайлаққа қонды.

28 ақпанда Таяу Шығысқа жоспарланған өзге рейстер де орындалмайды.

Компаниялар тобы жағдайды бақылауда ұстап, жолаушыларды тасымалдауға қатысты мәселелерді шешіп жатқанын хабарлады. Жолаушыларға рейс мәртебесін алдын ала тексеру ұсынылады, себебі ұшып шығу және келу уақытында өзгерістер болуы мүмкін. Жидда, Медина және Дубай бағыттарына алынған билеттерді сатып алу орны бойынша 6 наурызды қоса алғанға дейін тегін қайта брондауға немесе қайтаруға мүмкіндік берілген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу