Қазақстанның көрнекті кинорежиссері Ардақ Әмірқұлов дүниеден өтті, деп хабарлайды Malim.kz.
Қаралы хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігі жеткізіп, марқұмның отбасы мен жақындарына, әріптестері мен шәкірттеріне көңіл айтты.
Ардақ Жамансарыұлы саналы ғұмырын қазақ киносының дамуына арнады. Ол режиссер ғана емес, талай шәкірт тәрбиелеген білікті ұстаз әрі кино саласындағы бірнеше буын маманның қалыптасуына ықпал еткен тәлімгер ретінде танылды.
Режиссердің “Отырардың күйреуі”, “Абай”, “Қош бол, Гүлсары!” секілді туындылары ұлттық киноның алтын қорына енді. Оның шығармаларында қазақ халқының тарихы, рухани дүниесі, адам тағдыры мен заман шындығы терең суреттелді.
Ардақ Әмірқұловтың қазақ мәдениеті мен кино өнеріне сіңірген еңбегі ел жадында сақталады. Марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.