Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова оқыс жағдайға тап болды

Шоу-бизнес
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова оқыс жағдайға тап болды

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова елорда әуежайында келеңсіз жағдайға тап болып, ұшақтан қала жаздаған, деп хабарлайды Malim.kz.

Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, әуежайда ұшақ ұшпас бұрын продюсерді арнайы шақырып, шабаданын тексерген. 

Бүкіл әуежайды басына көтеріп, менің аты-жөнімді айтып айқайламасы бар ма радио рубрикаларымен. Келіңіз деп ұшақ жай қызметкерлері. Тура ұшар алдында. Жүгіріп барсам, тура бір қылмыскерді күтіп тұрғандай бір представитель бала тұр. Жүріңіз деп екінші қабаттан бірінші қабатқа түсіп, одан чемодандарды күтіп алатын жерге тепкішекпен түстік. Бір үлкен чемоданды көрсетіп «мынаның үшінде екі үлкен баклажкада не бар» деді. «Құрысын бұл менікі емес» десем, «сіздің аты-жөніңіз жазылған» деді, деп жазды продюсер. 

Белгілі болғандай әуежай қызметкерлері продюсердің жүгін ауыстырып алған. Ал ішіне белгісіз заттар салынған жүк басқа жолаушыныңкі болып шыққан.

«Мені бекерге ұшқалы тұрған ұшағымнан қалдырасыңдар, жүріңдер регистрация жасаған қызға» деп жүгіріп, ала өкпе болып, алып келдім. Аллаға шүкір екі чемоданым да олардың есінде қалыпты. «Иә, бұл кісінікі емес» деп мойындап, қайта жүгіріп, ең соңы болып, ұшағыма әрең дегенде қайта мініп үлгердім. Абайламасаңыз, олар да жаңылыс қағазын іле салады екен, деп жазды Гүлзира Айдарбекова. 

Фото: видеодан кадр

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу