freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тараз мектебіндегі қылмыс: 9-сынып оқушысы сотталды

Қоғам
Тараз мектебіндегі қылмыс: 9-сынып оқушысы сотталды
Фото: istockphoto.com

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жанжал кезінде құрдасын өлтіріп алған оқушыны 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Malim.kz.

Кәмелетке толмаған балаға Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі бойынша айып тағылған.

Сотта анықталғандай, Тараз қаласындағы мектепте 9-сынып оқушысы өзінің құрдасымен жанжалдасып қалған. Салдарынан жәбірленуші мойнынан ауыр жарақат алып, оқиға орнында қайтыс болды.

Жасөспірімнің кінәсі куәлердің айғақтарымен, сараптама қорытындысымен және заттай дәлелдемелермен дәлелденген.

Сот үкім шығарарда баланың жасын, кінәні ішінара мойындағанын және оң мінездемені жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде қарастырған. Ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

Сот үкімімен мектеп оқушысы кінәлі деп танылып, оған 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы берілді.

Сонымен қатар, баланың ата-анасынан жәбірленуші тараптың пайдасына 10 млн теңге моральдық зиян өндірілді.

 Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу