Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Таразда "маугли" отбасы табылды

Қоғам
Таразда "маугли" отбасы табылды

Таразда 30 жыл бойы төрт қабырғаға қамалып өскен ағайынды адамдар табылды, деп хабарлайды Malim.kz сайты Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Шамамен 40 жастағы бауырлардың бірі ақыл-есінен айырылса, екіншісі тілден қалған. Үлкені аздап сөйлей алады. Ал мылқау інісі еңкейген күйде отыра береді екен. Олардың қазір тұрып жатқан үйі адам шошырлық күйде,-дейді еріктілер.

Екі азамат асты табылса ғана жейді, болмаса шикі өнімдермен жүрек жалғайды екен. «Маугли» аталып кеткен екі азаматқа бұған дейін анасы күтім жасапты.

Алайда ол 3 күн бұрын ауруханаға түсіп, ағайындылар қараусыз қалған. Аталған жағдайды көзбен көрген жергілікті әкімдік өкілдері азаматтарға көмектесетін болды. Олар алдымен екеуінің құжатын түгендемек.

«Анасы емханадан шыққан соң, оған қамқоршылыққа тағайындауға құжатына көмек беріледі. Бала әрекет істеуге қабілеті жоқ деп танылса, жәрдемақы төлейміз»,-деді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гауһар Олжабаева.

Фото: Almaty.tv

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу