Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Таулы Қарабақтағы соғыс пен ақпараттық майдандағы тартыс

Сұқбат
Таулы Қарабақтағы соғыс пен ақпараттық майдандағы тартыс

Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі Арменияның үш танк, екі тікұшақ және үш ұшқышсыз ұшақ жойылды деген ақпараты жалған екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Әзірбайжан әскерінің үш танкі, екі тікұшақ және үш ұшқышсыз ұшу аппараты (БЛА) жойылды деген Армения тарапынан жарияланған ақпарат жалған. Біздің бөлімшелеріміз майдандағы жаудан мықты екенін хабарлаймыз", - деді әскери ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Бұл уақытта, Армения Қорғаныс министрлігі Әзірбайжан танктері жойылған сәттің видеосын жариялады.

Бүгін Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді. Армения да Қарабақтағы оқиғаларға байланысты әскери мобилизация жариялады.

Себебі Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі Армения Қарулы Күштері Қарабақтағы елді мекендерге оқ жаудырғанын мәлімдеді, осы ақпараттарға сәйкес, бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар. Армения ҚМ мәлімдеуінше, Карабақ "әуе және зымыран шабуылына тап болған", Армения Әзірбайжанның екі тікұшағы мен үш ұшағын жойғанын хабарлаған.

Байқағаныңыздардай, тек қана Таулы Қарабақта емес, ақпараттық айдында да "соғыс" жүріп жатыр. Фейк ақпараттар тарап жатыр. Сондықтан бұл тұрғыда өте мұқият болған жөн.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу