Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі өңірдегі шиеленіскен жағдайға байланысты азаматтарды эвакуациялаудың кезекті кезеңі аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Эвакуация басталғалы бері Израильден 103 адам шығарылған.
Ираннан 233 қазақстандық эвакуацияланды. Олардың 135-і Түрікменстан арқылы, 25-і Әзербайжан арқылы, ал 73-і Армения арқылы елге жеткізілді.
Сонымен қатар, 24–27 маусым аралығында өңір үстіндегі әуе кеңістігінің уақытша жабылуына байланысты Катар мен Біріккен Араб Әмірліктерінен дер кезінде ұша алмаған 1900-ден астам қазақстандық елге оралды.
Министрлік Иран, Израиль, Египет, Түрікменстан, Әзербайжан, Армения, БАӘ және Катар билігіне көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді.
Фото: СІМ