Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

TikTok арқылы жиһадқа шақырған қарағандылық 7 жылға сотталды

Қоғам
TikTok арқылы жиһадқа шақырған қарағандылық 7 жылға сотталды

34 жастағы Қарағанды тұрғыны TikTok желісінде жариялаған жазбасы үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қылмыстық істі Қарағанды қаласы Қазыбекби аудандық соты қарады.

Сотталушыға TikTok әлеуметтік желісінде терроризмді насихаттады деген айып тағылды. Сот ер адамның қарулы жиһадқа шақыратын діни мазмұндағы жазбалар мен видеоларды жариялағанын анықтады.

Сотталушы кінәсін толық мойындады. Ол істеген ісіне өкінетінін айтып, соттан ең төменгі жаза тағайындауды сұрады.

Сот оны қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігінде көзделген "Терроризмді насихаттау немесе бұқаралық ақпарат құралдары, телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, терроризм актісін жасауға жария шақыру" бойынша кінәлі деп тауып, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын орташа режимдегі колонияда өтейтін болады. 

Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу