freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

TikTok-та танымал болған Талғардың бұрынғы әкімі қазір таксист болып жүр (ВИДЕО)

Қоғам
TikTok-та танымал болған Талғардың бұрынғы әкімі қазір таксист болып жүр (ВИДЕО)
видеодан скриншот (Malim.kz)

Талғар қаласының бұрынғы әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлы қазіргі уақытта такси қызметімен айналысып жүргенін айтты. Бұл туралы ол журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Экс-әкімнің айтуынша, үйде бос отырғысы келмегендіктен көлік жалға алып, такси жүргізуді бастаған.

"Үйде бос отырғанды ұнатпаймын. Сондықтан көлік жалға алып, таксиге шығып жүрмін", – деді ол.

Айта кетейік, Арыстанбек Әбілқайырұлы көпшілікке "TikTok-тағы әкім" ретінде танымал болды. Ол әлеуметтік желілерде белсенді болып, қаладағы инфрақұрылымдық жұмыстарды жиі көрсетіп отырған. Әсіресе көшелерді жөндеу, тротуарларды жаңарту, абаттандыру жұмыстары туралы бейнелер арқылы тұрғындарға есеп беріп жүрді.

Сонымен қатар ол тұрғындармен тікелей байланыс орнатуымен де ерекшеленді. Әкім жиі тікелей эфирге шығып, кабинеттен, көліктен немесе үйінен халықтың сұрақтарына жауап беріп отырған. Бұл ашықтық қала тұрғындары арасында оң пікір қалыптастырған.

Еске салайық, 2026 жылдың ақпан айында Арыстанбек Әбілқайырұлы Талғар қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кеткенін мәлімдеген еді. Оның айтуынша, мұндай шешім қабылдауға денсаулық жағдайының нашарлауы себеп болған.

"Маған сенім артып, сайлауға қатысып, дауыс берген баршаңызға алғысым шексіз. Бұл шешімді қабылдау мен үшін оңай болған жоқ. Денсаулығыма байланысты белгілі бір уақыт еңбек демалысында болдым. Қызметтік міндеттерімді толық әрі сапалы атқаруға кедергі келтірмеу үшін осындай қадамға бардым", – деген еді ол.

Арыстанбек Әбілқайырұлы Талғар қаласының әкімі қызметін 1 жыл 2 ай атқарды. Ол бұл лауазымға 2024 жылдың желтоқсанында өткен сайлау нәтижесінде келген.

Өз сөзінде ол қаладағы қызметі барысында әлеуметтік-экономикалық даму, инфрақұрылымды жақсарту және тұрғындардың өмір сапасын арттыру бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылғанын атап өткен.

Сондай-ақ бұрынғы әкім Талғар қаласының дамуына әрдайым тілекші болып, ел игілігіне бағытталған бастамаларды қолдайтынын жеткізді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу