Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тимур Құлыбаевтың әкесіне тиесілі мұнай терминалы мемлекетке қайтарылды

Қоғам
Тимур Құлыбаевтың әкесіне тиесілі мұнай терминалы мемлекетке қайтарылды

Ақтау халықаралық теңіз сауда портының акваториясында орналасқан, құны 66 миллион доллар (29,5 миллиард теңге), ауданы 134 гектар мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Алматы қаласы прокурорының талап-арызы бойынша Тимур Құлыбаевтың әкесі Асқар Құлыбаевқа тиесілі компания шетелдік инвестордың меншігін заңсыз алып қойған. Сол залалды өтеу қажет болды.

2011 жылы мұнай терминалы Құлыбаевтың меншігіне өткен екен.

26 ақпанда Маңғыстау облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Алматы қаласы прокурорының талап-арызы қанағаттандырылды, мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды, сот актісі заңды күшіне енді.

Фото: depositphotos.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу