Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тіс емханасындағы қыздың өлімі: Астанада анестезиологқа үкім шықты

Қоғам
Тіс емханасындағы қыздың өлімі: Астанада анестезиологқа үкім шықты
Фото: видеодан кадр

Астанада жекеменшік стоматологиялық клиникада үш жасар қыздың қаза табуына қатысты атышулы іс бойынша сот шешімі шықты. Сот анестезиолог дәрігерді кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін кінәлі деп таныды, деп хабарлайды Malim.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Айыпталушы Қылмыстық кодекстің 317-бабының 3-бөлігі бойынша жауапқа тартылды. Судья Қажымұқан Мекемтас оған 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, 3 жыл мерзімге медициналық қызметпен айналысуға тыйым салды. Алайда Конституцияның 30 жылдығына орай қабылданған амнистия туралы заңға сәйкес дәрігер негізгі жазадан босатылды.

Сот үкіміне сәйкес, анестезиолог колонияда жазасын өтемейді, бірақ үш жыл бойы медицина саласында жұмыс істей алмайды. Сонымен қатар ол баланың әкесіне өкілдік шығындарды өтеу үшін 500 мың теңге төлеуге міндеттелді. Бұдан бөлек, жәбірленушілерге өтемақы қорына және сот-медициналық сараптамалар үшін мемлекет кірісіне тиісті қаржы өндірілді.

Қайғылы жағдай 2024 жылғы 30 қазанда орын алған. Астанадағы жеке стоматологиялық клиникалардың бірінде наркозбен тіс емдеткен үш жасар қыз бала процедурадан кейін есін жимай көз жұмған. Әкесінің айтуынша, жоспарланған үш сағаттың орнына емдеу 3,5 сағаттан астам уақытқа созылған, ал дәрігер бір мезетте 18 тісті емдеуді ұйғарған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу