freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев Пәкістанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхаттарын жолдады

Саясат
Тоқаев Пәкістанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхаттарын жолдады
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Асиф Али Зардари мен Премьер-министр Шахбаз Шарифті Пәкістанның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысы жеделхатында орнықты даму жолында Пәкістанның айтарлықтай табысқа жеткеніне тоқталып, екіжақты және халықаралық күн тәртібінің ауқымды мәселелері бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ұдайы бейіл екенін білдірді.

Қазақстан Президенті Премьер-министр Шахбаз Шарифтің елдеріміздің өзара ықпалдастығына тың серпін беретін Астанаға мемлекеттік сапарына ерекше ден қойып отырғанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Асиф Али Зардари мен Шахбаз Шарифтің жауапты қызметтеріне табыс, ал достас Пәкістан халқына құт-береке тіледі.


 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу