Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев Сербия Президентіне бір сандық апорт сыйлады

Саясат
Тоқаев Сербия Президентіне бір сандық апорт сыйлады

Сербия Президенті Александр Вучич Белградқа ресми сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаевты ықыласпен күтіп алғанын жазды, деп хабарлайды Ақорда.


«Сербия Президенті әлеуметтік желілердегі парақшаларында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметіне кешкі ас берілгенін және Алматының әйгілі апортын сыйға алғанын жариялады. Сондай-ақ Сербияның достас елдерге құшағы әрдайым ашық әрі  кеш соның тағы бір дәлелі екенін атап өтті», - делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Еске салсақ, кеше Қасым-Жомарт Тоқаевты Белград әуежайында Сербия Президенті Александр Вучич қарсы алды.

Фото: Александр Вучичтің жеке парақшасы 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу