Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Төрехан Сабырхан жастар арасында әлем чемпионы

Спорт
Төрехан Сабырхан жастар арасында әлем чемпионы

Қазақстандық спортшы Черногорияның Будва қаласында өткен жастар арасындағы бокстан әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Malim.kz.

67 келі салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсеткен Төрехан Сабырхан финалда кубалық Дэвид Эспиносаға қарсы жекпе-жек өткізді. Отандасымыз кубалық боксшыға еш мүмкіндік қалдырмай, айқын басымдықпен жеңіске жетті. 

Осылайша ол Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медалін әкелді. Одан бөлек, финалға жеті спортшымыз жолдама алған еді.

Фото: ҰОК

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу