freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Төтенше жағдай кезінде супермаркеттер жабылмайды

Сұқбат •
Төтенше жағдай кезінде супермаркеттер жабылмайды

Төтенше жағдай кезінде супермаркеттер мен базарлар жұмыс істей береді. Бұл туралы сауда және интеграция министрлігі хабарлады.

"Сауда және интеграция министрлігі төтенше жағдай кезінде азық-түлік маркеттері мен базарлар жұмыс істей беретінін хабарлайды", – делінген министрлік хабарламасында.

Бүгін түстен кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев елде 16 наурыз бен 15 сәуір аралығында төтенше жағдай жариялаған. Жарлықта ірі сауда орындарының жұмысын шектеу туралы да айтылған.

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстанның барлық аумағында 2020 жылдың 16 наурыз сағат 8.00-ден бастап, 2020 жылдың 15 сәуір сағат 7.00-не дейін төтенше жағдай енгізілсін," – делінген президент жарлығында.

Жарлықта қоғамдық орындар, ірі сауда орындары, ойын-сауық орталықтары, театр мен кинотеатр тәрізді көпшілік жиналатын орындар жұмысын тоқтату жөнінде айтылған. Сондай-ақ Қазақстан аумағына кіріп шығуға да шектеу қойылады.

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу