Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Трамп тарифтерінен кейін неміс автоөндірушілері шығынға батты

Әлем
Трамп тарифтерінен кейін неміс автоөндірушілері шығынға батты

АҚШ президенті Дональд Трамптың қосымша баж салығын енгізуіне байланысты неміс автомобиль өндірушілері үлкен шығынға ұшырады. 

Неміс автомобиль концерндері АҚШ-тың жаңа тарифтеріне байланысты 2025 жылғы болжамды түсім көлемін атауға қорқып отыр,  деп хабарлайды DW.


Биылғы бірінші тоқсанда Mercedes-Benz және Volkswagen концерндерінің операциялық пайдасы 40 пайыз төмендеді.

АҚШ-тың тариф саясатының ауытқуынан және нарықтың болжанбайтын реакциясынан туындаған елеулі белгісіздікке байланысты Mercedes-Benz басшысы Ола Келлениус (Ola Källenius) концерннің жылдық болжамын жариялаудан бас тартты.

Өз кезегінде, VW Group концерні әзірге АҚШ-тың жаңа тарифтерінің бизнесіне әсерін жоққа шығарады, бірақ соған қарамастан VW Group-тың жылдық пайда болжамы 5,5-6,5 пайыз диапазонының төменгі шегіне дейін төмендеді, деп атап өтті Reuters.

АҚШ-тың автомобильдерге қосымша салығы

Еуропадан келген автомобильдерге импорттық баж салығы 25 пайыз мөлшерінде сәуір айынан бастап қолданылады, мамыр айынан бастап құрамдас бөліктердің импортына қосымша тарифтер күшіне енуі тиіс.

29 сәуірде Трамп америкалық автомобиль өндірушілеріне жергілікті жеткізілімдерді орнатуға көбірек уақыт беру үшін автомобиль бөлшектеріне жаңа баж салығын азайту ниетін білдірді.

Фото: voditelexpert.ru

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу