freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Трамптың ультиматумына Иран қатаң жауап берді

Қоғам
Трамптың ультиматумына Иран қатаң жауап берді
Фото: Morteza Nikoubazl/NurPhoto/picture allianсе

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран Ормуз бұғазын 48 сағат ішінде ашпаса, «тозақтың өзін төбесінен түсіремін» деп уәде берген, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Бұған жауап ретінде Тегеран билігі бұл талаптан бас тартып, керісінше, АҚШ президентінің өзін «тозақтың түбіне жіберетінін» мәлімдеді.

4 сәуір, сенбі күні кешке Иранның бірнеше жоғары лауазымды тұлғалары Вашингтонның екі тәуліктік ультиматумын қабылдамайтынын ашық айтты.

Иран парламентінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитетінің төрағасы Эбрахим Азизи X әлеуметтік желісінде Трамптың мәлімдемесіне жауап беріп:

«Иран сені де, сарбаздарыңды да тура тозақтың түбіне жібереді — сендерге әрдайым лайық орын сол», — деп жазды.

Ал Иран жоғары әскери басшылығының өкілі, генерал Али Абдоллахи Алиабади АҚШ-ты «соңғы сәтсіздіктерден кейін жүйкесі жұқарған, теңгерімсіз әрі орынсыз әрекет етіп отыр» деп айыптады. Оның айтуынша, егер АҚШ тарапынан жаңа соққылар жасалса, онда «олардың алдында тозақтың қақпасы ашылады».

4 сәуірде Дональд Трамп Truth Social желісінде өз ультиматумын қайта еске салды. Оның сөзінше, Тегеран 48 сағат ішінде (6 сәуірге дейін) Вашингтонмен келісімге келуі немесе Ормуз бұғазын ашуы тиіс. Әйтпесе, Иранға «нағыз тозақ орнайды» деп ескертті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу