Алаштанушы ғалым Ғарифолла Әнес дүниеден өтті

Ғалым 67 жасында жарық дүниемен қош айтысты

Мәди Саматұлы

  • 21.09.2024

Тілші-ғалым, алаштанушы, публицист, бас­пагер. Филология ғылымдарының док­торы дүние салды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қаралы хабарды филология ғылымдарының докторы, профессор Қыздархан Рысберген әлеуметтік желіде жазды.

Қазақ ғылымы, мәдениеті орны толмас қазаға ұшырады. Алаш азаматы Ғарифолла Әнестен айрылып қалды. Бақұл бол, қайран, дос, аяулы Ғареке! деп жазды ол.

ӘНЕС Ғарифолла Қабдолқайырұлы 1957 жылы Құрманғазы ауданы Балқұдық ауылында туған. Тілші-ғалым, алаштанушы, публицист, бас­пагер. Филология ғылымдарының док­торы.

1957 жылы 26 тамызда Атырау облысы, Құрманғазы ауданы Балқұдық ауылында дүниеге келіп, 1974 жылы орта мектепті тәмамдаған. 1974-1979 жылдары С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. 1984-1987 жылдары Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл білімі институтының аспирантурасында оқыған.

ҰҒА-ның А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жетекші ғылыми қызметкері. Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің (Жаңалық ауылындағы) меңгерушісі. 1992 жылдан «Репрессияға ұшыраған Қазақстан зиялыларының мұрасын зерттейтін «Арыс» қорының және «Арыс» баспасының құрылтайшы-президенті. 2013 жылдан «Қазақстан тарихи-ағарту «Әділет» қоғамының» төрағалығын қоса атқарады. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті, «Ана тілі» газетінің қоғамдық негіздегі кеңесшісі.

«Құрмет» «Парасат» ордендерің иегері. Бірнеше мерекелік медальдармен ма­ра­патталған.

Баспа және полиграфия ісінің қайраткері (куәлік №47). Атырау облысы Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы (2007). Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Құрметті азаматы (2016). Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Құрметті про­фессоры. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Құрметті профессоры және Қорқыт Ата Алтын медалінің иегері (2015). Халықаралық Айтматов академиясының академигі.

Алаш арыстарының мұрасын табу, зерттеу және жариялау ісіне өз үлесін тұрақты қосып келеді. А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов және Х. Досмұхамбетұлы еңбектерін құрастырып, алғысөз-соңғысөздерін жазып, бірнеше рет жарыққа шығарды.

«Алаш. Алашорда» энциклопедиясын жа­рыққа шығарды (2009), 7 том «Қазақ» га­­зе­ті (1913 – 1918) мен 7 том «Айқап» журнал­дарының (1911–1915) толық корпусын жасап «Сарыарқа» (1917–1919) газетін тауып, жинастырып, ХХ ғасыр басында жарыққа шыққан көптеген журналдарды араб қарпінен қазіргі жазу үлгісіне көшіріп, ондаған том басылымдар дайындады. Бүгінгі таңда 100 томнан тұратын «Алаш – 100» мегажобасы жүзеге асырылуда. Заңғар жазушы Ә. Кекілбайұлының өмірі мен шы­ғар­машылығына ар­налған «Алпысыншыжылдықтар» атты үш томдық энциклопедиясын жарыққа шығарды.

Фото: qaz365.kz

Байланысты жаналықтар

Солақайлар бай болуға бейім келеді - ғалымдар

04.05.2025

ШҚО-да Ғылым жөніндегі бірінші өңірлік кеңес өтті

03.05.2025

Әдебиеттанушы, ғалым Сейіт Қасқабасов өмірден өтті

28.04.2025

«Болашақ» бағдарламасына жас шектеуі енгізіледі

16.04.2025

Бүгін – ғылым қызметкерлерінің күні

12.04.2025

Президент бір топ ғалымды мемлекеттік наградамен марапаттады

10.04.2025
MalimBlocks
Солақайлар бай болуға бейім келеді - ғалымдар

ШҚО-да Ғылым жөніндегі бірінші өңірлік кеңес өтті

Әдебиеттанушы, ғалым Сейіт Қасқабасов өмірден өтті

Сейіт Асқарұлы Қасқабасов 1940 жылы 24 маусым күні Семей қаласында дүниеге келген

«Болашақ» бағдарламасына жас шектеуі енгізіледі

Бүгін – ғылым қызметкерлерінің күні

Президент бір топ ғалымды мемлекеттік наградамен марапаттады

Президенттің Жарлығымен бір топ ғалым мемлекеттік наградалармен марапатталды