Белгілі саясаткер Төлен Тоқтасынов дүниеден өтті
Марқұм ауыр дерттен айықпаған
Саясаткердің өмірден өткен қайғылы хабарын Ахметбек Нұрсила әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Malim.kz.
Кеше түнде жан досым Төлен Мұхамедиұлы Тоқтасын, ауыр дертпен жарты жыл арпалысып жеңе алмай, ақыры мәңгілік мекеніне аттанып кетті((( Бақұл бол Төке, сені жақсы танитын жақындарыңнык, халқыңның жадысында арын жоғары ұстаған, жасампаз АЗАМАТ ретінде есінде мәңгілік қаласың!, деп жазды ол.
Сондай-ақ, марқұмның сүйегін туған қаласы Семейге апарып, анасының қасына қойылатынын айтқан.
Төлен Мұхамедиұлы Тоқтасынов 1962 жылы 9 қазанда Семейде дүниеге келген. Саясаткер, Мәжілістің 2-сайланымының депутаты және Қазақстанның демократиялық таңдауы партиясы құрылтайшыларының бірі.
Алматы сәулет-құрылыс институтын 1989 жылы инженер-технолог-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген.
1991 жылдан – Айқас» өндірістік фирмасының директоры.
1995 жылдан – «АЛЕЛ» қаржы-инвестициялық алтын өңдейтін компаниясының бас директоры – «Каполиграф» АҚ президенті.
1997 жылдан -«Каполиграф» АҚ және «АЛЕЛ» АҚ Директорларының кеңесінің төрағасы.
2000 жылдың қыркүйегінен - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты (Шығыс Қазақстан облысының №19 Батыс сайлау округы). Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитеттің мүшесі. «Экология» депутаттық тобының жетекшісі.
2004 жылдан Қазақстан Компартиясы ОК хатшысы.
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты (1999).
«Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысы құрылтайшыларының бірі (2001).