Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түркістан облысында екі шетелдік студент суға батып кетті

Сұқбат
Түркістан облысында екі шетелдік студент суға батып кетті

Департамент хабарлауынша, шетелдік студенттер Төле би ауданындағы тауға 26 маусым күні саяхатқа шыққан. 21 студенттен құралған топ Шымкент қаласынан келген екен. Олар Үндістан Республикасының азаматтары, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері екені анықталған.

«Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне кешкі сағат 20:10 -да Төле би ауданының Ханарық ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан Ақсу шатқалындағы Ақсу өзенінде 2001 жылғы 2 студенттің суға батып кеткені туралы ақпарат түседі. Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД-дан 19 қызметкер, 1 жүзу құралы және 4 техника, Полиция департаментінен 10 қызметкер және 5 техникасы мен құралдары жұмылдырылды. Іздестіру жұмыстары әлі жалғасуда», - делінген хабарламада.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу