Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түркістанда оқушыны өлтірді деген күдікпен 4 жасөспірім ұсталды

Қоғам
Түркістанда оқушыны өлтірді деген күдікпен 4 жасөспірім ұсталды
Түркістан ПД

Түркістан қаласында 9-сынып оқушысының өліміне қатысты төрт жасөспірім ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды Malim.kz.

Полиция департаментінің мәліметінше, қаза тапқан оқушы қала мектептерінің бірінде оқыған. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, күдіктілер мен оқиға кезінде болған өзге тұлғалар жедел іздестіру шаралары барысында анықталып, ұсталған.

Тергеу деректеріне сүйенсек, жасөспірім Мейіржан Нұржанұлын таныстары кешкі уақытта үйінен шығарып алып, мола маңына апарып соққыға жыққан. Құрдастары оны жүрек тұсынан жұдырықпен ұрып, кейін оқиға орнынан қашып кеткен.

Баланы іздеуге кіріскен туыстары оның денесін мола жанынан тауып алған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу