freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Үйінді астында қалған: зардап шеккен кеншінің жағдайы белгілі болды

Оқиға
Үйінді астында қалған: зардап шеккен кеншінің жағдайы белгілі болды
istockphoto.com

Абай облысындағы Орлов шахтасында тау жынысы опырылып, зардап шеккен кеншінің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy-на сілтеп.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1985 жылы туған жұмысшы 27 сәуір күні кешке ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген. Дәрігерлер оған қосарланған жарақат, бас миының соғылуы, жұмсақ тіндердің көптеп зақымдануы, сондай-ақ ұзақ уақыт қысылып қалу синдромын анықтаған. Ер адам бірнеше сағат бойы үйінді астында жатқан.

«Науқастың айтуынша, шамамен сағат 11:00-де шахтадағы опырылу кезінде оны тас басып қалған. Ол төрт сағаттай үйінді астында болған. Алғашқы медициналық көмек Бородулиха аудандық орталық ауруханасында көрсетіліп, кейін жедел жәрдем бригадасымен Семей қаласындағы жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді», – делінген хабарламада.

Салалық мамандар – травматологтар, нейрохирургтар, урологтар мен хирургтар тексергеннен кейін науқас жансақтау бөліміне жатқызылған. Қазір оған қарқынды ем жүргізіліп жатыр, жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

Еске салайық, наурыз айында Абай облысындағы шахтада тағы да жазатайым жағдайдан соң газдан уланған жұмысшылардың бірі қаза тапқан болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу