freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ұйымдасқан қылмыстық топпен алаяқтық жасады делінген күдікті Ресейден жеткізілді

Құқық
Ұйымдасқан қылмыстық топпен алаяқтық жасады делінген күдікті Ресейден жеткізілді
видеодан скриншот

Ұйымдасқан қылмыстық топ құрамындағы сериялық алаяқтыққа күдікті Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл туралы  Malim.kz  бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеп хабарлайды.

«Ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында сериялық алаяқтық жасаған күдікті Ресейден экстрадицияланды Қазақстан Республикасының бас прокуратурасымен бірнеше рет алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Ресей Федерациясынан экстрадицияланды», - делінген сейсенбідегі хабарламада.

Тергеу нұсқасы бойынша, күдікті 2023–2024 жылдары ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында ақпараттық жүйе пайдаланушыларын алдау және олардың сенімін теріс пайдалану арқылы ірі мөлшерде алаяқтық жасауға бірнеше рет жәрдемдескен.

«Атап айтқанда, күдікті мен оның сыбайластары Instagram әлеуметтік желісін пайдаланып, азаматтардың сеніміне кіріп, салынған инвестиция сомасынан бірнеше есе көп табыс алуға уәде беріп, өз компаниялары арқылы ақша қаражатын инвестициялауға үгіттеген. Ақша қаражаттарын алғаннан кейін, оларды қылмыстық топ қатысушыларының арасында бөліп, өз қажеттіліктеріне жұмсаған», - деп атап өтті бас прокуратура.

Алаяқтардың қылмыстық әрекеттері салдарынан Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі 75 азаматқа жалпы сомасы шамамен Т80 млн көлемінде залал келтірілген.

«Қылмыс жасалғаннан кейін төрт сыбайлас әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталған, ал соңғысы қылмыстық қудалау органдарынан бой таласап, осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған. 2025 жылғы наурызда ол Ресей Федерациясының аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасының бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Отанына экстрадицияланды», - деп қосты қадағалау органы.

Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды. Оған тағылған қылмыстарды жасағаны үшін бес жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу түріндегі жаза көзделген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу