freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Украина Беларусь бағытындағы қорғанысты нығайтып жатыр

Әлем
Украина Беларусь бағытындағы қорғанысты нығайтып жатыр
Фото: Зеленский телеграм арнасы

Украина президенті Владимир Зеленский Украина мен Беларусь шекарасындағы қорғаныс шептері күшейтілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол Славутич қаласынан жариялаған видеоүндеуінде Ресей Беларусьті Украинаға қарсы соғысқа тереңірек тартуға тырысып жатқанын айтты.

Зеленскийдің сөзінше, Украина Беларусьпен шекарадағы қорғанысты нығайтып қана қоймай, Ресей аумағынан төнуі мүмкін қауіптердің алдын алу бағытында да әрекет етуге дайын. Ол әсіресе Ресейдің Брянск облысы тарапынан шабуыл қаупі бар екенін атап өтті.

Украина басшысы Беларусьтің қазіргі билігі агрессиялық әрекеттердің салдары болатынын түсінуі керек екенін жеткізді. Оның айтуынша, Украина өз азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

Өз кезегінде Беларусь президенті Александр Лукашенко елінің Украинадағы соғысқа араласуға ниетті емес екенін айтты. Оның сөзінше, Беларусь тек өзіне қарсы тікелей агрессия болған жағдайда ғана соғысқа тартылуы мүмкін.

Лукашенко сондай-ақ Зеленскийге Украина немесе Беларусь аумағында кездесіп, екіжақты қатынастардағы мәселелерді талқылауды ұсынды.

Алайда Украина президентінің кеңесшісі Дмитрий Литвин Лукашенконың мәлімдемесіне күмәнмен қарап, «2022 жылдан бері бұл адамның сөзінің ешқандай мәні жоқ екені белгілі, сондықтан оның әрекеттеріне назар аудару керек» деп мәлімдеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу