Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Украина өз аумағынан Ресей газын өткізбейді

Саясат
Украина өз аумағынан Ресей газын өткізбейді

Фото: euronews.com

Словакияның премьер-министрі Роберт Фицо Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескенде Украинадағы шиеленісті бейбіт реттеу мәселесін талқылағанын айтты, деп хабарлайды ВВС.

«Ұзақ әңгіме барысында Владимир Путинмен біз Украинадағы әскери жағдайды, соғысты мүмкіндігінше тезірек бейбіт жолмен аяқтау мүмкіндіктерін және Словакия мен Ресей арасындағы қарым-қатынастарды талқыладық», – деп жазды Facebook парақшасында.

Сонымен қатар украин президенті Владимир Зеленскийдің Украина аумағы арқылы газ транзитін өткізуге қарсы екені туралы айтқан сөздеріне реакция ретінде Ресейге барғанын жеткізді.

Словакия Ресей газын Украина арқылы алады. «Газпромның» Украинадағы «Нафтогазбен» жасаған транзиттік келісімі биыл аяқталады, ал Зеленский Киев бұл келісімді ұзартуды жоспарламайтынын айтқан болатын.

Фицо егер Украина Ресей газын өз территориясы арқылы транзиттеуге рұқсат бермесе, екі ел арасында шиеленіс туындауы мүмкін екенін мәлімдеген.

«Владимир Путин Ресейдің газын Батысқа және Словакияға жеткізуін жалғастыруға дайын екенін растады, бірақ  украин президентінің ұстанымын ескерсек, 2025 жылдың 1 қаңтарынан кейін мұның мүмкіндігі жоқ», – дейді Фицо.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу