Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Үлкен Алматы шыңына шыққан екі адам төмен түсе алмай қалды

Оқиға
Үлкен Алматы шыңына шыққан екі адам төмен түсе алмай қалды
видеодан скриншот

Іле Алатауының Үлкен Алматы шыңына шыққан екі адам қараңғы түскендіктен өз бетінше төмен түсе алмай, қиын жағдайда қалып, амалсыздан құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болды, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

ҚР ТЖМ мәліметінше, олар шыңға күндіз көтерілген, бірақ қараңғы түскендіктен төмен түсу мүмкін болмаған. Көмек сұрап, өздерінің Қотырбұлак шыңында екенін хабарлады.

Оқиға орнына шыққан ТЖМ құтқарушылары Қотырбұлак шыңы бағытында жүріп, оларды Букреев шыңында тапты.

«Үйлесімді және кәсіби іс-қимылдардың арқасында барлық олар таудан сәтті түсірілді. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу