Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ұлттар лигасы: Қазақстан өз алаңында Норвегиямен тең түсті

Спорт
Ұлттар лигасы: Қазақстан өз алаңында Норвегиямен тең түсті

Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар лигасындағы алғашқы ойынын Норвегиямен өткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Норвегия бапкері Столе Сольбаккен алғашқы минуттан Мартин Эдегор, Эрлинг Холанд, Александер Серлот секілді мықтыларын шығарды.

Қазақстан бапкері Станислав Черчесов Магомед Адиевтің кезінде құрамдардан аса қатты өзгеріс жасай қойған жоқ. Тек қорғаушы Әлібек Қасымның бірінші минуттан алаңға шыққанын ғана айтуға болатын шығар.

Екі құрама қанша тырысқанымен, 90 минутта бірде-бір гол соға алмады. Сөйтіп, Қазақстан Ұлттар лигасындағы алғашқы ұпай еншіледі. Англия премьер-лигасының үздік сұрмергені Эрлинг Холанд Алматыдан қанжығасы майланбай бос кетті.

Енді Қазақстан 9 қыркүйекте Словениямен кездеседі.

Фото: ҚФФ

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу