Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ұлттық паркте жалған дипломы бар қызметкерлер жұмыс істеген

Оқиға •
Ұлттық паркте жалған дипломы бар қызметкерлер жұмыс істеген

Абай облысында прокурорлар ұлттық парк қызметкерлерінің жалған дипломдарын анықтады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Оқиғаның мән-жайы

Үржар ауданының прокуратурасы 15 инспектордың жоғары білім туралы жалған диплом негізінде «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-не жұмысқа орналасқанын анықтады. Олардың кейбірі ұлттық парк жүйесінде 10 жылдан аса уақыт еңбек еткен.

Тергеу амалы
Қазір бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 385-бабы 3-бөлігі (көрінеу жалған құжатты пайдалану) бойынша соталды тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Жаза

Прокуратура көрінеу жалған құжатты пайдаланғаны үшін 160 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу немесе 40 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу көзделгенін ескертеді.

Фото: egov.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу