freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ұлытау облысында Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті

Қоғам
Ұлытау облысында Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті
Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

Бүгін Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мерекесіне орай Ұлытау облысының қала-аудандарында ауқымды әрі мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Өңір бойынша барлығы 130 киіз үй тігіліп, мерекелік думанға 100 мыңнан астам тұрғын мен қонақ жиналды.

Аймақ басшысы Дастан Рыспеков облыс орталығы – Жезқазған қаласындағы Наурыз мерекесіне қатысып, өңір жұртшылығын ұлық мерекемен құттықтады. Облыс орталығында 30-ға жуық киіз үй бой көтеріп, олардың арасында «Үздік киіз үй» байқауы ұйымдастырылды. Жеңімпаздар қомақты ақшалай сыйлықтармен марапатталып, барлық қатысушыларға ынталандыру сертификаттары табысталды. Жезқазғанның өзінде 40 мыңнан астам адам мерекелік шараларды тамашалады.

Мереке барысында жиналған қауымға Наурыз көже ұсынылып, ұлттық тағамдар мен сусындардан дәм татқандар ерекше көңіл күйге бөленді.

Сонымен қатар, мекемелер мен кәсіпорындар арасында ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптейтін сайыстар ұйымдастырылып, көпшілікке рухани тағылым сыйлады.

Этноауыл аумағында заманауи технологиялар да көрініс тапты. Атап айтқанда, жасанды интеллект негізінде әзірленген Digital Nauryz робот экспозициялары келушілердің қызығушылығын арттырып, мерекеге ерекше реңк берді.

Мерекелік шаралар аясында келушілерге Тайжан Қалмағамбетов атындағы облыстық филармония өнерпаздары мен Қазақстан эстрадасының танымал жұлдыздарының концерттік бағдарламасы ұсынылды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу