freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Үндістандық дәріні Қазақстанда сатуға тыйым салынды

Денсаулық
Үндістандық дәріні Қазақстанда сатуға тыйым салынды
iarex.ru

Үндістандық «Десилмакс» препаратын медициналық мақсатта қолдануға тыйым салынып, айналымнан жинап алу туралы шешім шықты, деп хабарлайды Malim.kz  kazinform.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығында көрсетілген.

Шектеу таблеткалардың BSE92301A сериясына қатысты. Бұл партияның жарамдылық мерзімі 2026 жылдың шілдесіне дейін деп көрсетілген. Десилмакс дәрілік затының аталған сериясын медициналық қолдануға тыйым салынсын және айналымнан жинап алынсын, — делінген бұйрықта.

Айта кетейік, бұл шешімге Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау орталығының хаты мен өткен жылғы 3 ақпандағы сынақ хаттамасы негіз болған.

Қазіргі уақытта Комитеттің аумақтық бөлімшелері мен «СК-Фармация» мекемесіне дәріні қолданыстан шығару туралы тапсырма берілді. Бұйрықтың орындалуын фармацевтикалық қызметті бақылау басқармасы қадағалайды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу