freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Таяу Шығыстағы жағдайдан кейін Иранда ұшақ рейстері ашыла бастады

Қоғам
Таяу Шығыстағы жағдайдан кейін Иранда ұшақ рейстері ашыла бастады
Ашық дереккөзден

Иранның Азаматтық авиация басқармасы 18 сәуір таңынан бастап елдің әуе кеңістігінің бір бөлігінің ашылғанын хабарлады. БұлTasnim агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды Malim.kz.

18 сәуірде жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7:00-ден бастап елдің әуе кеңістігінің бір бөлігі ашылған. Мұндай шешім Ұлттық азаматтық-әскери үйлестіру комитетінде жағдайды қарау нәтижесінде, ұшу қауіпсіздігі талаптарын ескере отырып қабылданған көрінеді. 

«Осыған сәйкес, сондай-ақ ұшу экипажына арналған хабарламаға (NOTAM) сүйене отырып, елдің әуе кеңістігі мен бірқатар әуежайлар 18 сәуір күні таңғы сағат 7:00-ден бастап ашылды»,  - деп жазды агенттік басқарма хабарламасын.

Сонымен қатар, әуежайлардың жұмысы әскери және азаматтық қызметтердің дайындығына қарай кезең-кезеңімен қалпына келтірілетіні хабарланды.

Бұған дейін Таяу Шығыстағы қақтығыс басталғаннан кейін Ормуз бұғазы арқылы алғашқы круиздік кеме өткені белгілі болған еді. Мәліметке сәйкес, Мальта туымен жүрген, жолаушыларсыз Оманға бағыт алған лайнер жұма күні Дубайдан шығып, 40 күннен астам уақыт айлақта тұрған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу