freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ҰҚК Жамбыл облыстық әлеуметтік қорғау басқармасының басшысына қатысты тергеуді бастады

Оқиға
ҰҚК Жамбыл облыстық әлеуметтік қорғау басқармасының басшысына қатысты тергеуді бастады
Ашық дереккөзден

Желіде Жамбыл облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесовтің ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Аталған жағдайға қатысты Ұлттық қауіпсіздік комитеті (КНБ) түсініктеме берді, деп хабарлайды Malim.kz. 

Бұған дейін бірқатар БАҚ-та Келесовтің жұмыс орнында ұсталғаны туралы мәлімет жарияланған. Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратқа қатысты нақты жауап бермеді.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, аталған шенеунікке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған. 

"Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", - деді ведомство өкілдері.

Алайда ҰҚК тергеудің нақты мәнін және қандай бап бойынша іс қозғалғанын ашып айтқан жоқ. Еркін Келесов 2022 жылдың маусым айынан бері Жамбыл облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасын басқарады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу