Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ұрланған сейфті троллейбуспен алып қашпақ болған адам ұсталды

Оқиға
Ұрланған сейфті троллейбуспен алып қашпақ болған адам ұсталды
видеодан скриншот

Алматы қаласының полициясы пәтерге түскен күдікті ұрыны қолға түсірді. Ер адам ұрланған мүлік, яғни сейфті қаладағы қоғамдық троллейбуспен алып кетпек болды, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы қалалық криминалдық полициясының қызметкерлері пәтер ұрлығына қатысы бар ер азаматты анықтап, ұстады. Күдікті қылмыс орнынан қашып кету үшін ең күтпеген тәсілдердің бірін таңдағанымен, тәртіп сақшылары оны дер кезінде қолға түсірді.

«Бұл күдіктіні ұстау – қызметкерлеріміздің жеделдігі мен үйлесімді жұмысының нәтижесі. Қазір оның өзге де ұқсас фактілерге қатыстылығы тексеріліп жатыр. Қылмыстың бұл түрін ашу бойынша жұмыс күнделікті жүргізіледі және біз қала тұрғындарының мүлкін қорғауға ерекше назар аударуды жалғастырамыз», – деді Алматы қаласы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.

Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу және жедел шаралардың жалғасып жатқанын хабарлады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу