Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Үш өңірде көлік қозғалысына шектеу қойылды

Қоғам
Үш өңірде көлік қозғалысына шектеу қойылды
Абай облысы ПД

Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар трассалар жабылды. Ал БҚО мен Атырауда керісінше кейбір жолда көлік қозғалысы жанданды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК.

14 желтоқсан сағат 21:30–да ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды:

Ақмола облысы:

«Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 30-92 шақырым аралығындағы учаскесі (Жібек Жолы ақы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін).

Қарағанды облысы:

«Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 92-164 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау ақы алу пунктіне дейін). Жолды 2025 жылғы 15 желтоқсан сағат 08:00–де ашу жоспарланған.

14 желтоқсан сағат 22:30–да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрлеріне шектеу қойылады:

Қарағанды облысы:

«Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 1067-1135 шақ. (Молодежный ауылы — Павлодар облысы шекарасы). «Қалқаман–Баянауыл–Үміткер–Ботақара» автожолының, 231–324 шақ, (Павлодар облысының шекарасы — Ботақара ауылы.)

Павлодар облысы:

«Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 1135–1206 шақ. (Қарағанды облысының шекарасы — Шідерті ауылы). «Қалқаман–Баянауыл–Үміткер–Ботақара» автожолының, 0- 231 шақ, (Қалқаман ауылы-Қарағанды облысы шекарасы). Жолды 2025 жылғы 15 желтоқсан сағат 06:00–де ашу жоспарланған. 

Ақмола облысы

14 желтоқсан сағат 22:00–де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолының 16-200 шақырымы аралығында (Астана қаласы — Павлодар облысы шекарасына дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды. Жолды 2025 жылғы 15 желтоқсан сағат 09:00–де ашу жоспарланған.

Павлодар облысы

14 желтоқсан сағат 21:30–да ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолының 200-415 шақырымы аралығында (Ақмола облысы шекарасынан. — Атамекен а.) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды. Жолды 2025 жылғы 15 желтоқсан сағат 09:00–де ашу жоспарланған. 

Кейбір өңірде ауа райының жақсаруына байланысты жолдар ашылды.

Батыс Қазақстан облысы

14 желтоқсан сағат 22:30–да «Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы (Ақсай с.)» 0-36 км, (Подстепное ауылынан — Федоровка ауылына (Теректі)) дейін көлік қозғалысы ашылады. 

14 желтоқсан сағат 23:00–де «Ақтөбе- Атырау — РФ шекарасы» автожолының 266-393 шақырым аралығындағы Подстепное елді мекенінен Жымпиты елді мекеніне дейін көлік қозғалысы ашылады. 

Атырау облысы

Облыстық маңызы бар «Атырау — Индер» автожолының Бесікті елді мекенінен Индербор елді мекеніне дейінгі (20–180 км) учаскесінде автокөлік қозғалысы қайта жанданды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу