Ирандағы Қазақстан дипломатиялық корпусының қызметкерлері Әзербайжанға эвакуацияланды, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy мен Report агенттігіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, «Астара» мемлекеттік шекаралық өткізу бекеті арқылы Қазақстанның үш дипломаты, сондай-ақ Ресейдің сегіз азаматы эвакуацияланған.
Айта кетейік, бұған дейін Әзербайжан арқылы Германия мен Испанияның дипломатиялық өкілдіктерінің 19 қызметкері шығарылды.
Сонымен қатар Таяу Шығыстан бір тәулікте 1,7 мыңнан астам қазақстандық елге оралды.