Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Үшінші мегаполисте заңсыз құрылысқа жол жоқ

Сұқбат
Үшінші мегаполисте заңсыз құрылысқа жол жоқ

Тұрғыны күннен күнге өсіп келе жатқан Шымкент сияқты мегаполисте құрылыс қарқынын бақылап отыру өте маңызды. Осыған орай Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданы Төле би көшесі №12 мекенжайда орналасқан қойма нысандары толықтай бұзылды. Өйткені, құрылыс заңсыз салынған. Бұл жайлы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталмыш құрылыс нысанының меншік иесі қала құрылысы құжаттамасын әзiрлеудiң, келісудің, сараптамадан өткізудің және бекiтудiң белгiленген тәртiбiн сақтамастан, құрылыс жүргізген. Сондай-ақ, құрылысқа техникалық және авторлық қадағалауларды қатар жүргiзбей, белгіленген тәртіппен мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарды хабардар етпепті. Оның үстіне құрылыс нысаны құрылысты жүзеге асырған тұлғаға тиесілі емес жер учаскесінде салынған көрінеді.

Жалпы, ҚР Заңнамалары бойынша қажетті рұқсат алынбай салынған тұрғын үй, басқа да құрылыс, ғимарат немесе өзге де жылжымайтын мүлік өз бетінше салынған құрылыс есептеледі. Талапқа, заңға сай емес, өз бетiнше құрылыс салған адам нысанға меншiк құқығын ала алмайды. Оның құрылысқа билiк етуге, сатуға, сыйға тартуға, жалға беруге, басқа да мәмiлелер жасауға – құқығы болмайды.

Осыған байланысты, қалалық әкімдік қала тұрғындарын құрылыс - монтаж жұмыстарын бастар алдында заң талаптарын сақтауға шақырады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу